Келешекте керегі - халықтың құқықтық санасын ояту - Астанадағы конференция
АНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, дүйсенбіде Астанада ҚР Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен «Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстанда құқықтық мәдениетті қалыптастыру проблемалары мен болашағы» деген атпен республикалық конференция өтті.
Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев ашқан жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, құқықтық сала мамандары, ЖОО оқытушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Былтыр Қазақстан 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Ә. Аманбаевтің айтуынша, алқалы жиынды өткізудің мақсаты Тұжырымдамада белгіленген ережелерді жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейінгі отандық құқықтық жүйені дамытудың өзекті мәселелерін шешу, халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату, құқықтық сала мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
«Келешекте керегі - халықтың құқықтық санасын ояту. Құқықтық саясат, құқықтық сананы көтеру - бұл үлкен жұмыс. Ол бір күндік, бір сағаттық сабақ арқылы шешілетін іс емес. Әрбір азаматтың құқығын қорғау күнделікті жұмысты талап етеді, сондықтан біз күнделікті аянбай жұмыс істейуіміз керек», - дейді министрдің орынбасары.
Ә.Аманбаев атап өткеніндей, Тұжырымдама заңнамадағы қажетті өзгерістер туралы нақты көріністі ғана емес, мемлекеттің норма, шығармашылық және құқықтық қолдану қызметін жетілдірудің жаңа кезеңін білдіреді.