Келешекте теміржол саласында 27 мың жұмыс орны пайда болады – Көлік министрі

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында елдегі теміржол жобалары қанша жұмыс орнын қажет ететінін айтты.

Үкімет
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- 9 миллион 700 мың жұмыспен қамтылған халықтың ішінде 772 мың адам көлік саласында еңбек етеді. Олардың басым бөлігі теміржол, автомобиль көлігі және логистика салаларында жұмыс істейді. Болашақта бұл көрсеткіш тек артады. Алдағы уақытта, теміржол саласында, оның ішінде «Бақты - Аягөз», «Дарбаза - Мақтарал», «Достық - Мойынты» және «Алматы станциясын айналма» теміржол желілерін салу сияқты ірі жобалар шеңберінде 27 мың жұмыс орнын ашу көзделген, - деді ол.

Марат Қарабаевтың сөзінше, автожол саласында 24 жоба арқылы 26 мың жұмыс орны құрылады.

- Логистикадағы, азаматтық авиациядағы және теңіз көлігіндегі жобаларды іске асыру нәтижесінде 22 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

Жалпы алғанда, көлік саласындағы 118 жобаны жүзеге асыру 2030 жылға дейін қосымша 75 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, - деді министр.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны еді.

 

Соңғы жаңалықтар