Келешекте зейнетақы жүйесін реформалау қажет болады – Тимур Сүлейменов

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Келешекте қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесін реформалау қажет болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

«Қазіргі қолданыстағы зейнеатық жүйесі әзірше бүгінгі күннің шындығына жауап бере алады. Дегенмен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де, Ұлттық банктің де есептеулері келешекте ол реформалауды қажетсінетіндігін көрсетеді. Өйткені, оның қазіргі құрылымы болашақ зейнеткерлерге мол зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да зейнетақы жүйесі реформаны қажет етеді. Шұғыл әрі дәл қазір реформа қажет емес. Бірақ, алдағы уақытта, яғни, біздің ұзақмерзімді моделіміз кейбір өзгерістер жасау қажеттігін көрсетіп отыр», - деді ол елордада өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Тимур Сүлейменовтің атап өтуінше, реформа қажеттігін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де, қаржы секторының сарапшылары да, Бірығай жинақтаушы зейнетақы қорының өзі де түсінеді. Сол себепті барлық құрылым бұл мәселені шешу үшін бірлесе жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар