Келесі аптада Литвада Интернетті басқару жөніндегі дүниежүзілік форум өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Литва астанасы - Вильнюсте келесі аптада Интернетті басқару жөніндегі дүниежүзілік форум өтеді.

Келесі аптада  Литвада    Интернетті  басқару  жөніндегі  дүниежүзілік форум өтеді

Оған әлемнің 70 шақты елінен ірі компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орындарының өкілдері қатысады. Форумға қатысушылардың жалпы саны 2 мыңнан астамды құрайды, деп күтілуде.

Форум аясында ғаламтордағы деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Интернетке қосылу, ғаламторды дамыту мәселелеріне арналған жарыссөздер өтеді. Қыркүйектің 14-17-сі аралығында өтетін форумның аясында бірнеше ондаған түрлі секциялар жұмыс істейтін болады.