Келесі аптада Үкіметте мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі талқыланады

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қыркүйектің 2-сінде Үкімет басшысы мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі бойынша селекторлық кеңес өткізеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан Министрлер кабинетінің отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Келесі аптада Үкіметте мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі талқыланады

«Қыркүйектің 2-сінде селекторлық кеңес режимінде өтетін Үкімет отырысында бір-бірімен байланысты екі мәселені талқылайтын боламыз. Мұның біріншісі, білім және ғылым саласын дамыту бағдарламасы, ал екінші мәселе бойынша мен барлық әкімдерден мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі барысын тыңдайтын боламын», деді Үкімет басшысы.

К. Мәсімов Байланыс және ақапарт министрлігіне жергілікті және өңірлік БАҚ-тарда жарияланған мектепке қатысты проблемалық мақалаларды саралауды жүктеді. «Егер, қыркүйектің 2-сіне дейін мектептердің жаңа оқу жылына қатысты проблемалары анықталса, біз кімнің неге жауап беруге тиістігін келіскенбіз», деді К. Мәсімов.