Келесі айда Қылмыстық атқару жүйесі толығымен ІІМ-нің қарамағына көшеді

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қыркүйектің 15-сіне дейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті толығымен Ішкі істер министрлігінің қарамағына көшеді.

Келесі айда Қылмыстық атқару жүйесі толығымен ІІМ-нің қарамағына көшеді

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, шілденің 26-сы күні Елбасы қол қойған Жарлыққа сәйкес, тамыздың 1-нен бастап Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметі толығымен Ішкі істер министрлігіне көшуі тиіс. «Осыған орай қазіргі кезде ғимараттар, техникалық құрал-жабдықтар, автокөліктер және қызметтік құжаттарды тапсыру бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда. Бұл іс-шараларды қыркүйектің 15-сіне дейін аяқтау жоспарланып отыр», - дейді Н.Ораз.