Келесі бесжылдық мерзімге Баррозудың өкілеттігін ұзарту бойынша дауыс беру амалы қыркүйектің 16-сында Страсбургте өтеді

БРЮССЕЛЬ.   Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -   Еуропарламенттің  саяси фракцияларының  бейсенбі күні қабылдаған   шешімі  бойынша,     қыркүйектің  16-сында Страсбургте,  Еуропарламенттің кезекті сессиясында келесі  бесжылдық  мерзімге  Баррозудың    өкілеттігін  ұзарту  бойынша дауыс беру  өтеді,  

Келесі  бесжылдық  мерзімге  Баррозудың    өкілеттігін  ұзарту  бойынша дауыс беру  амалы    қыркүйектің 16-сында  Страсбургте өтеді

  деп хабарлады  Еуропарламенттің баспасөз қызметінен.

 Дауыс беруден  бір күн бұрын,  Баррозу   парламентшілермен  бірге  жаз айларында    дайындаған   өзінің  алдағы жұмыс  жоспарын    талқылайды.    Қазіргі уақытта Еурокомиссия   басшылығына     балама  кандидатура    жоқ.   Дауыс беру    барысында, Баррозу     50 пайыздан  астам   дауыс  алуы тиіс (736  депутаттың  369-ының дауысын  алуы  керек).

 Бұған  дейін Баррозудың  кандидатурасына Еуроодаққа мүше барлық  елдердің басшылары мен   үкімет басшылары   қолдау  білдірді.   Сондай-ақ,  оны   Еуропарламенттегі  ең   үлкен  фракция -   264  депутаттық орынға  ие    Еуропалық  халықтық партия  қолдап отыр.