Келесі мерейтойлық турың болмай қалуы мүмкін екенін ойласаң, барлығын мінсіз жасауға тырысасың - В. Кикабидзе

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бәйтерек медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Грузияның халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Вахтанг Кикабидзе өз өмірі мен шығармашылығы туралы, Астанада өтетін концерті туралы, Қазақстандағы сапары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Келесі мерейтойлық турың болмай қалуы мүмкін екенін ойласаң, барлығын мінсіз жасауға тырысасың - В. Кикабидзе

«Концерттегі барлық музыка менің талғамыма сай таңдалып алынды. Репертуарым көп. Сондықтан, бұл менің соңғы мерейтойлық концертім болуы мүмкін деген ойдың өзі адамды бар ықыласымен, бар жан-тәнімен дайындалуға итермелейді екен», - деп атап өтті В. Кикабидзе.

Әншінің айтуынша, жуырда Израильде концерт қойып қайтқан.

«Израильдің 5 қаласында концерт беріп келдік. Кеше Алматыда қойдық. Ал Астанадан кейін Әзірбайжанға аттанамыз», - дейді атақты әнші.

Айта кетейік, В. Кикабидзенің концерті 18 мамыр күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.