Келесі жұмада Ақмола облысының әкімі баспасөз мәслихатын өткізеді
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - 13 қыркүйек, жұма күні елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, өңір басшысы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндайды. Сондай-ақ баспасөз мәслихаты басталар алдында аталған өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардың тұсаукесер көрмесі өтеді.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметі өз жұмысын жаңа форматта бастап, облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді.
Әр жұма сайын өтетін баспасөз мәслихаты барысында өңір басшылары БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беретін болады.