10:44, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Келесі жылдан бастап салықтар мен коммуналдық қызметтер үшін төлемді ұялы телефондар арқылы жүзеге асыруға болады
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Келесі жылдан бастап қазақстандықтар салықтарды және коммуналдық қызметтер үшін төлемді ұялы телефондар арқылы жүзеге асыра алады.

Бұл туралы бүгін «Қазақстанда» электрондық үкіметті» дамыту» халықаралық конференциясында ҚР Байланыс және ақпарат вице- министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.
«Біз өте көп жұмыс істедік. Қазақстанда «электрондық үкімет» қарқынды дамуда. Оның қызметтерін қазір көптеген қазақстандықтар пайдалануда. Салықтар мен коммуналдық қызметтер үшін төлемді электронды түрде төлеу мүмкіндігі бар. Биыл ілкі жоба ретінде төлемдерді мобильді құрылғылар арқылы төлеу мүмкіндігін жүзеге асырдық. Ал келесі жылы бұл бағыттағы жұмысты үдете түсеміз», - деп атап өтті С.Сәрсенов.