Келесі жылдан бастап журналистер «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады - С.Нұрбек

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Алдағы жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде білім ала алады.

Келесі жылдан бастап журналистер «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады - С.Нұрбек

Ол үшін арнайы квота бөлінбек. Бұл туралы бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында журналистерге сұхбат берген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Ең бірінші, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қатысатын маманның кем дегенде біржылдық еңбек өтілі болуы шарт. Ал тілге деген талап қатты болмайды. Негізі, оның барлығы Мемлекеттік хатшының тапсырмасы бойынша қолға алынып отыр», - деп атап көрсетті С.Нұрбек.