Келесі жылы Алматы көшелері 100% жарықпен қамтылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы көшелерін жарықтандыру деңгейі 71% құрайды, келесі жылға қарай бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келесі жылы Алматы көшелері 100% жарықпен қамтылады

«Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл коронавирус індеті мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз»,– деп жазды Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram –дағы парақшасында.

Сонымен қатар, ол бүгінгі күні көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі 71% –ды құрайтынын атап өтті.

«Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз»,–деп жазды Әсет Мұқажанов.