Келесі жылы Астанада Өмір туралы ғылыми орталық ашылады

АНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылы Астанада Өмір туралы ғылыми орталық ашылады. Бүгін елордада «Назарбаев Университеті» студенттері мен оқытушы қауымының алдында дәріс оқығаннан кейін студенттердің сұрағына жауап берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Келесі жылы Астанада Өмір туралы ғылыми орталық ашылады

«Келесі 2011 жылы «Назарбаев Университетінің» жанынан Өмір туралы ғылыми орталығы ашылады. Онда тін жасушалары зерттеледі. Бұдан бөлек, кәрілікке қарсы жасалатын зерттеулер де осында жүзеге асады», - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, аталған Орталық үшін заманауи жаңа қондырғылар мен дайын зертханалар сатып алынатын болады.