Келесі жылы елордада 13 балабақша пайдалануға беріледі - Астана әкімі

АСТАНА.  Қыркүйектің 24-і.  ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ -   Келесі  жылы елордада 13 балабақша пайдалануға беріледі.

Келесі   жылы елордада 13 балабақша    пайдалануға беріледі - Астана  әкімі

Бұл туралы бүгін   Жол картасы  нысандарын  аралау  барысында     Астана  әкімі  Иманғали  Тасмағамбетов      хабарлады.

Сапар  барысында  әкім  қазан айының 1-інен  бастап балаларды  қабылдай  бастайтын «Көктал»  кентіндегі   «Меруерт»  балабақшасында  болды.   Бұрын да   бұл нысанда балабақша жұмыс істеген, бірақ  90-шы жылдары    жабылып    қалып,  ғимарат   басқа ұйымға беріледі. Енді  бұл  нысанда   күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп,  балаларды  тәрбиелеуге  қажетті    барлық жабдықтармен  жарақталып  отыр.

«Қалада балабақша   проблемасы өткір екенін  баршаңыз білесіздер.   Бүгінде балабақша жасындағы  және  кезекте  тұрған   28 мыңнан астам  бүлдіршін бар, ал   жалпы алғанда (2 жасқа дейінгі  балаларды  қосқанда - автордың ескертпесі)  кезекте  30 мыңнан  астам бала тұр. Елбасының   тапсырмасы  бойынша,   былтырдан бері  біз осы мәселені  шешу  бойынша   қызу  жұмыс жүргізіп келеміз.  Қалалық  бюджеттен бөлінген  қаражатқа қазір  6 балабақша,     ал республикалық    бюджет трансферттері  бойынша - тағы 7 балабақша  салынып жатыр. Яғни,  келесі  жылы    жаңа 13 балабақша     пайдалануға беріледі», -  деді  И.Тасмағамбетов өз сөзінде.