Келесі жылы елордада халықаралық математикалық олимпиада өтеді ? «Дарын» РҒПО директоры

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Келесі жылы елордада халықаралық математикалық олимпиада өтеді, оған әлемнің 110 елінен мектеп оқушылары қатысады. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне «Дарын» РҒПО директоры Тілдаш Битуова айтты.
None
None
«Халықаралық математика қауымдастығы ұйымдастырғалы отырған 51-ші олимпиада шілде айында өтеді. Бұл ? еліміз өміріндегі елеулі оқиға. Оған Қазақстаннан құрамында алты оқушы және екі жетекші бар команда қатыспақ. Биыл сәуір айында ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін елімізге осы ұйымның президенті Йозеф Пеликан келеді», - деді Т.Битуова. Алғашқы халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылы Румынияда өткен болатын.Сол жолы олимпиадаға Мажарстан, Болгария, Польша, Чехословакия, ГДР және КСРО қатысқан. Одан кейінгі жылдары қатысушы елдер саны артты және олимпиада географиясы анағұрлым кеңейді. Халықаралық математика олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің қорытынды отырысында әлемнің 95 елі өкілдерінің бірауыздан шешімімен Қазақстан 2010 жылғы 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы ұйымдастырушы-ел болып таңдалды.
Соңғы жаңалықтар