Келесi жылы Қазақстанда зияткерлiк меншiк құқығы саласындағы қылмыстық жауапкершiлiк күшейтiледi

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдан бастап Қазақстанда зияткерлiк меншiк құқығы саласындағы қылмыстық жауапкершiлiк күшейтiледi. Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы департаментiнiң басшысы Абзал Естаев мәлiм еттi.
None
None

«Қазақстанда зияткерлiк меншiк құқығы саласындағы заңдар қатаңдатылуда. Бұрын зияткерлiк меншiк құқықтарын бұзу фактiлерi үшiн 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қолданылса, жаңа 2015 жылдан бастап, Қылмыстық кодекс бойынша ол жаза 7 жылға дейiн ұзартылады», - дедi департамент басшысы «Бағдарламалық активтердi және бағдарламалық қамтамасыз етудiң лицензияларын басқару» атты халықаралық форумда.

Оның айтуынша, Қазақстан көршi тұрған Ресейге немесе өзге де ТМД мүше елдерге қарағанда, зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау жағынан жылдан-жылға жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзуде. Дегенмен дамыған мемлекеттерге әлi де болса алыс.

«Зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау бойынша рейтингте бiз он жыл бұрын шамамен 90-орындарда болсақ, қазiр 76-сатыда тұрмыз. Бiзге халыққа түсiндiру жұмыстарын күшейте түсуiмiз шарт», - деп атап өттi А. Естаев.

Соңғы жаңалықтар