14:21, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Келесі жылы Панфилов дивизиясының құрылғанына 70 жыл толады
АЛМАТЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2011 жылы Панфилов дивизиясы құрылуының 70 жылдығына орай қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар бірнеше шара әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Жалғас» ұйымының атқарушы директоры Михаил Тюнин айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл шаралардың ең ауқымдысы - әскери фестиваль болмақ. Онда 316-шы атқыштар дивизиясының құрылуы, дайындығы мен 1941 жылғы Мәскеу түбіндегі шайқасының көріністері қойылады. Сондай-ақ Мәскеуден Ригаға дейінгі панфиловшылар басып өткен жолмен арнайы экспедиция жолға шықпақ.