Келесі жылы Жамбыл облысына қанша қаржы бөлінеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Гүлдана Жауынбекова 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аймақтың 2023 жылға арналған бюджет кірістері 507,8 млрд теңге көлемінде жоспарланған, бұл 2022 жылғы нақтыланған көлемнен 49,1 млрд теңгеге немесе 10,7 пайызға артық.
«Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар атқарған жұмыстар нәтижесінде 2023 жылы Жамбыл облысына республикалық бюджеттен 454,7 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылған. Бұл 2022 жылғы көлемнен 48,1 миллиард теңгеге немесе 11,8 пайызға көп. Бюджет шығындарының 70 пайызы немесе 349,1 миллиард теңгесі әлеуметтік салаға бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда 15,1 пайызға артады», - деді Гүлдана Жауынбекова.
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-Министр Жамбыл облысының даму басымдықтарын атағанын жазғанбыз. Әлихан Смайыловтың пайымынша, өңір басшылығы отандық азық-түлік өнімдерін өндіруді ұлғайту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты бақылауда ұстауы керек.