Келесте жас келіншек өз үйінде асылып қалды
Оқиға 16 шілде күні болған.
Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі хабарласып, жас әйелдің өзінің тұрғын үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғанын мәлім еткен.
«Аталған жайт сол күні ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ» - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.
Сондай-ақ, Гүлнар Әбдірахманқызының айтуынша, Келес аудандық полиция бөлімінің басшылығы қайтыс болған әйелдің жақындарымен кездесіп, заң аясындағы жұмыстардың жүргізіліп жатқанын және қосымша арыз-шағымдары болса назарға алынатынын жеткізді.