«Келін» фильмі Монакода өткен Халықаралық қайырымдылық кинофестивалінде бас жүлде алды

СТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі Монакода өткен дәстүрлі Халықаралық қайырымдылық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

«Келін»  фильмі   Монакода  өткен   Халықаралық қайырымдылық  кинофестивалінде бас   жүлде алды

Мамырдың 5-і мен 11-і аралығында өткен фестивальге исландиялық актриса Анита Брием бастаған қазылар алқасы төрелік етті, деп хабарлады «Қазақфильм» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.

«Келін» фильмі «Үздік ойын фильмі» аталымында жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша оның негізгі қарсыласы - режиссер Флориан Галленбергеннің (Германия) тарихи оқиғаға негізделген «Джон Рабе» фильмі болды. Ол - қытайлықтарды ажалдан құтқарушы үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған «Siemens» корпорациясының неміс директорының өмірі туралы баяндайтын драма.

Фестивальде үздік ойын фильмдерімен қатар, «Үздік деректі фильм», «Үздік қысқаметражды фильм» аталымдары да таныстырылды.