«Келін мектебі керек-ақ» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 10 қаңтар, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

7 қаңтар күні барлық христиандар Рождество мерекесін атап өтті. Осыған орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен сенбіде Ас­та­на­дағы Успен кафедралы соборында бар­ша православиелік христиан­дарды айтулы ме­реке­лерімен құттықтады. Қаңтардың 6-ынан 7-сіне қараған түні еліміздегі басты православие шіркеуі саналатын Астананың Успен кафедралы соборында түнгі ме­рекелік литургия болып өтті. Президент Рождество мерекесі діндарлардың барлығының қай­ырымдылық, өзара жәр­дем­десу және сүйіспеншілік сезімдерін, биік гуманистік және жасам­паздық мұрат­та­рын біріктіретінін ерекше атап өтті. Бүгін бұл мерекені пра­вославиелік христиандармен бірге барша қазақстандықтар мерекелеуде. Көп ұлтты Қа­зақстанда дәстүрлі діндер бір-бірімен татулықта өзара әре­кет жасап келеді. Біз көптеген діни мерекелерді бірге атап өтеміз. Мемлекеттің азамат­тар­дың діни сезімдеріне құр­метпен және ұқыпты қарауы - біздің еліміздегі конфессия­ара­лық келісімнің маңызды негіздерінің бірі, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде. Осы шараның ұйымдастырылуы мен онда айтылған мәселелер туралы «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Айтулы мерекемен құттықтады» атты мақаладан білуге болады.

 Сондай-ақ аталмыш басылымның жазуынша, кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы ара­сындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орна­ға­нына 20 жыл толуына орай Қазақстанға келген Қы­тай­дың ХӨБЖ Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Чэнь Чжилимен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында жүз­де­су­шілер Қазақстан мен Қытай ара­сын­дағы түрлі саладағы екі­жақты қатынастарды одан әрі белсен­ді­лендіру мәселелерін талқылады.
Сенат төрағасы өткен 20 жылда біздің елдеріміз арасындағы ынты­мақ­тастық стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін жеткендігін, бұнің екі мемлекет лидерлері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның күш-жігерінің нәтижесі болып табылатындығын атап көрсетті. Кездесуде айтылған осы және өзге де бірқатар мәселелер жөнінде «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Қытайлық парламентшімен кездесті» атты мақалада.

***

«Айқын» басылымының жазуынша, Өскеменде бірден 30 адам Жалпыұлттық социал-демократиялық партия құрамынан шыққанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұндай шешім қабылдауына өз партиясының ел үшін ештеңе істемей, бос сөз бен құрғақ даурықшылдықпен айналысуы себеп болыпты.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия үшін 30 адамнан айырылу - айтарлықтай ірі оқиға. Бұл партияның Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мүшелерінің саны 85 адамнан аспайтын. Оның үстіне, партия қатарынан шыққандардың дені - жастар. Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер, қаржыгерлер мен инженерлер бар. Партия қатарынан шыққан белсенділер тобы өткізген баспасөз жиынында бұрынғы социал-демократтар мұнымен өздерінің саяси белсенділігін тоқтатпайтынын мәлімдеді. Олар сайлауалды науқанына енді өзге партиялардың қатарында жүріп қатысатынын айтты. Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Партиядан шықты...» атты мақаладан оқыңыздар.

 Сондай-ақ аталмыш басылымның хабарлауынша, Алматыда «Келіндер мектебін» ашу жөнінде ұсыныс көтерілгелі көп болса да, демеушілер тарапынан қолдау табылмай жүр. Әр-әр жерде қыздарға арналған салалық курстар ашылып жатқанымен, аруларды келіндік өмірге дайындайтын мектептің тұсауы бір кесілмей-ақ қойды. Әлбетте, ана мен ене мектебі жақсы жұмыс жасап тұрғанда, мұндай оқу курсын ашудың қажеттілігі де болмас еді, дегенмен заман ағымы келіндерге тәрбие беретін мемлекеттік не қоғамдық ұйымдардың қажет екенін өзі-ақ аңғартып тұр... Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Келін мектебі керек-ақ» атты мақаладан егжей-тегжейлі білуге болады.

***

«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, Испанияның «Барселона» клубында өнер көрсететін Аргентиналық футбол шабуылшысы Леонель Месси 2011 жылдың үздік футболшысы ретінде «Алтын доп» марапатына ие болды. Жеңімпазды марапаттау рәсімі Цюрихте өтті. Мессиге бәсекелес болады деген футболшылардың арасында португалдық Криштиану Роналду мен испандық Хэви Эрнандес бар болатын. Месси осымен үшінші рет «Алтын доптың» иегері атанды. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санындағы «Лучшим футболистом планеты ы третий раз подряд стал аргентинец Леонель Месси» атты мақалада.

Соңғы жаңалықтар