19:03, 20 Қыркүйек 2018 | GMT +6
Келінін өлтірген БҚО тұрғыны 8 жылға сотталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен И.Шналиев ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, Қазталов ауданы Талдықұдық ауылында тұратын И.Шналиев биылғы 5 маусым күні сағат 23.20 шамасында келіні М.Шналиевамен сөзге келген.
Арадағы жанжал кезінде ол келінін мойнынан қылғындырып өлтірген.
Сот үкімімен И.Шналиев 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.