«Келинка Сабина» Швециядағы халықаралық кино фестивалінде жеңіске жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Келинка Сабина» қазақстандық комедиялық кинокартинасы Швециядағы Swedish International Film Festival 2016 халықаралық кино фестивалінің жүлдесіне ие болды.
None
None

«Біздің фильм Швециядағы Swedish International Film Festival 2016 халықаралық кино фестивалінде жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін біз оларға Сабинаның екінші бөлімін және «Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» фильмдерін жіберуді ұйғардық. Бұл картиналар да халықаралық фестивальдің  әділқазылар  алқасының көңілінен шығады деп үміттенемін. Біздің жұмыстарымызға жанкүйерлік еткен барша жанға алғыс білдіремін. Біздің әзілді шетелдіктер де түсінеді», - деп жазды өзінің Facebook парақшасына шоумен, продюсер, актер Нұртас Адамбаев.

Сондай-ақ, ол Швециядағы жеңіс «Келинка Сабинаның» Индонезиядағы халықаралық кино фестивалінен кейінгі екінші жүлдесі екенін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар