Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім заңмен бекітіледі
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - «Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы депутаттардың талқысына салуға дайын.
Аталған заң жобасын Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынып отыр.
Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалды.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Тараптардың келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу бағыттарын айқындау және оны келісу қағидаттарын, тәртібі мен тетігін қалыптастыру мақсатында аталған Келісімге қол қойылды.
Тараптардың келісілген макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде интеграцияны кеңейту үшін Тараптардың макроэкономикалық тұрақтылығы мен экономикасының дамуын қамтамасыз ету болып табылады.