Келісім терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу үшін құқықтық негіз жасауға бағытталған

Енді осы келісімді ратификациялау үшін Үкімет заң жобасы түрінде әзірлеп, Мәжілістің қарауына берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келісім Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу үшін құқықтық негіз жасауға бағытталған және халықаралық бейбітшілік пен өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекетаралық қатынастар негізіне үлес қосу болып табылады.
Келісімді іске асыру әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Осы заң жобасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру мен бір ізге келтіру шеңберінде, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген.