Келісімге сәйкес, Ресей «Протон» құлаған ауданның топырағы мен қоршаған ортасын тазалау шығындарын өтеуі тиіс

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық ресейлік-қазақстандық комиссия жанынан құрылған жұмыс комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша «Протон» зымыран тасымалдағышының құлауына қатысты мәселелерді екіжақтан түсіндіру туралы шешім қабылданды.
None
None

Жұмыс комиссиясының отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бектас Мұхамеджановтың атап өтуінше, «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағында гептилдің ұйғарымды концентрациясының шекті деңгейден артуы орын алмады. Яғни, тақау қоныстанған елді-мекен тұрғындарының денсаулықтарына еш зиян келген жоқ. Ғарыш орталығының экологиялық бақылау және мониторинг қызметі мамандары «Ғарыш экология» ҒЗО» РМК, Қызылорда облыстық экология департаментінің мамандарымен бірлесіп залалданған учаскені нитрозодиметиламинмен детоксикациялау жұмыстарын бастады.

Вице-министрдің атап өтуінше, зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ресейлік тараптан шығынды өтеу талаптарын қою туралы мәселе шешілетін болады. Келісімге сәйкес, детоксикациялау және топырақ пен ауаны қалпына келтіру шығындары Ресей тарапынан өтелуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар