Келісімнің мақсаты қоршаған ортаны қорғау мен жол жүрісі қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді көздейді

АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Үкіметтен Мәжіліске «1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашық Жол жүрісі туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті.

Келісімнің мақсаты қоршаған ортаны қорғау мен жол жүрісі қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді көздейді

Заң жобасы автомобиль тасымалдары саласында халықаралық конвенцияларды және келісімдерді ратификациялауы туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің 2007 жылғы 6 қазандағы шешіміне сәйкес әзірленді.

Осыған байланысты 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашық Женевада 1971 жылғы 1 мамырда жасалған жол жүрісі туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімге қосылу бойынша Қазақстан Республикасы шаралар қабылдауда. Қазіргі уақытта 32 мемлекет Келісімнің құрамында, оның ішінде Беларус және Ресей Федерациясы.

Аталған Келісімнің мақсаты қоршаған ортаны қорғау мен жол жүрісі қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және Уағдаласушы тараптардың жол жүрісі ережелерін бірдейлендіру болып табылады.

Келісімді ратификациялау жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келісілген жаңа сапалы технологияларды дамыту, пайдалану, тасымалдау, ТМД көлік жүйесінде экологиялық, ақпараттық және экономикалық азиялық және әлемдік көліктік жүйелерді ТМД-ға мүше мемлекеттерінің көліктік жүйе интеграция жағдайында қамтамасыз етуі келісілген.

Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасында жол жүрісі қауіпсіздігі мен халықаралық стандарттарға сәйкес көлік құралдарының экологиялық талаптарын сақтауға ықпалын тигізеді.

Келісімді ратификациялау туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ықтымақтасу мәселелері жөніндегі комиссиясысының 32-ші отырысында 2010 жылғы 29 наурызда мақұлданды.

Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жұмыс тобын құрып, қорытынды әзірлейді.