Келісімшартпен қызметте жүрген әскерилердің 8 пайызы жұмыстан босатылады - Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі кездегі жүргізілген аттестацияның нәтижесі бойынша еліміздің Қарулы Күштерінде келісімшартпен қызметте жүрген әскерилердің 8 пайызы жұмыстан босатылады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінің алдында өткен брифингте ҚР Қарулы Күштерінің Бас сержанты Темірбек Халықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 2008 жылғы қарашаның 1-і мен биылғы жылғы сәуірдің 30-ына дейін әскерилерді аттестациялау жүріп жатыр. Наурыздың 1-іне дейін келісімшарт бойынша қатардағы жауынгерлер құрамын аттестациялаудың бірінші кезеңі өтеді. Содан кейін сержант құрамындағы әскерилердің біліктілігі тексеріледі. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша бірқатар ескертулер бар екендігіне тоқталған Т. Халықов, «Қазіргі кезде аттестациялаудан өте алмаған әскерилер, яғни 8 пайызы қызметтен босатылатын болады», - деді. Атап айтқанда, тексеру барысында жауынгерлердің қызметтік біліктілігі, кәсіби ерекшелігі, алдына қойған мақсаттарды орындауға қатысты деңгейлері сараланады.
Соңғы жаңалықтар