Келіссөздер қорытындысы бойынша Иран және 3+3 ұстанымдары әзірге бір-бірінен алшақ екендігі айқын болды - К.Эштон

АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Екі күн бойы біз осының алдында Алматы қаласында өткен келіссөздерде Иранға ұсынған сенім көрсету шаралары бойынша ұсыныстар бөлігіндегі мәселелері бойынша қарқынды және ұзақ талқылаулар жүргіздік.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Иран және 3+3 ұстанымдары әзірге бір-бірінен алшақ екендігі айқын болды - К.Эштон

Бүгін Алматыда ирандық ядролық келіссөздердің кезекті раундының қорытындылары бойынша Еуроодақтың жоғарғы төрағасы Кэтрин Эштон осылай мәлімдеді.

«Иранның және 3+3 ұстанымдарының әзірге бір-бірінен алшақ екендігі айқын болды, сондықтан делегаттар өздерінің астаналарына оралған бойдан бұдан әрі қалай әрекет жасау керектігін түсіну үшін қосымша бағалау жүргізулері қажет»,- деп қосты К.Эштон.
Өз сөзін қорытындылай келе, Еуроодақ өкілі Қазақстан Үкіметіне көрсетілген қонақжайлығы үшін алғыс білдірді.