Келл Брук: Головкиннің әуселесін көргім келеді
«Мен орта салмақта жекпе-жекке дайындалғанда, мүлдем өзгеріп кетемін. Дайындық жұмыстары кезінде барынша жоғары жетістікке қол жеткізу үшін пайдалы тағамдарды көп жеймін. Бұл жекпе-жекте халықты таңғалдырсам деймін. Головкиннің деңгейінде болмаса да, менің күшім ғаламат көп. Менде көңіл қуантарлық нәтиже бар және жекпе-жекке дейінгі уақытта өз қабілетімді ұштай түсемін.
Мен ешкімнен қорықпаймын, ол күні де қорқып отыру жоспарымда жоқ. Сенбейтін шығарсыздар, бірақ мен Головкиннің әуселесін көруге асығып отырмын. Тезірек рингке шығуды армандап жүрмін. Бұл - тарихи айқас. 147 фунт салмақта ешкім менімен кездескісі келмейді, кездескісі келгендер өздерін тым асыра бағалайды. Мен өз күшімді көрсетуді асыға күтіп жүрмін. Бұдан да жоғары салмақта мен мүлдем өзгеше адаммын. Біз рингке шықпай тұрып, қалай дайындалуды білеміз. 10 қыркүйек күні біз бүкіл әлемді дүр сілкіндіреміз», - деді К.Брук.