Келл Брук: «Мен Головкинмен ақша үшін айқаспаймын, мен мультимиллионермін»

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Келл Брук ешқашан жеңілмеген Геннадий Головкинге қарсы рингке ақша үшін шықпағанын айтты, деп жазады Sports.kz.
None
None

«Әрине, ақша алған жақсы, бірақ мен мультимиллионермін, сондықтан бұл ақшаны да қалған қаражатыма қосамын. Бұл мен үшін жаңалық емес. Мен мұнда ең мықты боксшымен өз күшімді сынап көргім келеді. Және Головкин жер бетіндегі ең жойқын адам ретінде танылып жүр, оны салмақтан тыс үздік боксшы деп атайды. Осы жекпе-жек арқылы мен танымалдылықтың ұшар басына шығамын»,- деді Брук Sheffield Star басылымына берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар