Келли Павлик: Головкинге Альвареспен айқасу керек, Котто тым кішкентай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Келли Павлик қазақстандық Геннадий Головкин жайлы, сондай-ақ оның Мигель Котто және Сауль Альвареспен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін білдірді.

Келли Павлик: Головкинге Альвареспен айқасу керек, Котто тым кішкентай

Келлидің пайымдауынша, қазақстандыққа бәсекелес бола алатын жалғыз боксшы - Альварес. Өйткені Котто орта салмақ үшін тым жеңіл.

«Қазір Головкин Альвареспен күш сынасуы керек деп ойлаймын. Бұл жекпе-жекте ол өз мүмкіндігін көрсете алады. Ол аса қабілетті деген пікірдемін, алайда Канеломен кездесуде бұған тағы бір көз жеткізуіміз керек», - деген Павликтің сөзін келтіреді Boxingscene.