Кембридж герцогы мен герцогинясы Шарлотта ханшайымның фотосуреттерін жариялады
«Кембридж герцогы мен герцогинясы Шарлотта ханшайымның екі жаңа фотосуреттермен бөлісуге қуанышты. Оларды герцогиня өздерінің Норфолктегі үйінде қараша айының басында түсірген», - делінген Кенсингтон сарайының хабарламасында.
Гүлді көйлек пен қызғылт кофта киген ханшайымның диванда отырғаны бейнеленген. Суреттердің бірінде Шарлотта ойыншық қонжықпен ойнап отыр, екіншісінде ол объективтен сәл бұрыс қарап, ойлана күлімсіреп түскен», - деп жазады РИА Новости .
«Герцог пен герцогиня бүкіл әлемнен Шарлотта ханшайымның атына ізгі тілектер жолдаған хаттар алуда және олар осынау сүйкімді фотосуреттер өздеріне сияқты басқаларға да ұнайды деген сенімде», - деп атап өтеді баспасөз қызметі.
Кембридж герцогы мен герцогинясының бұдан басқа үлкен ұлы бар, тақтың болашақ мұрагері Джордж ханзада қазір екі жаста.