Кембриджде эко-мешіт бой көтереді

АСТАНА.  28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Кембридж қаласында қаншама уақыттан бері салынады деп жоспарланып жүрген бірінші экологиялық таза мешіт қолдау тауып, жобасы пысықталды. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.

Кембриджде эко-мешіт бой көтереді

«Бұл Кембридж үшін елеулі жаңалық болып отыр», - деді осынау мешіттің бастамашысы, Мұсылман академиялық қорының төрағасы Тим Винтер. Аталған бастаманы мұсылмандар 2008 жылы көтерген болатын. Қоршаған ортаға залал тигізбейтін, көміртегін мейлінше аз бөлетін әрі дінмен байланысты әсіре белсенділікке «жол бермейтін» мұндай жоба Еуропа жұртшылығы үшін мүлдем таңсық.

«Кембридж - әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер мен оқытушылар ағылып келетін британ қалаларының бірі. Келушілердің көбісі - мұсылмандар», - деді Винтер.

Кембриджде тұрғызылатын мешіттің бірқатар ерекшелігі бар: әйгілі ландшафт дизайнері Эмма Кларктың бас-көз болуымен үлкен бау-бақшаның жобасы қолға алынбақ, сондай-ақ, суды өңдейтін құрылғы орнатылып, табиғи желдеткіш пен жарық, жасыл желек (шатыр) жағы қарастырылады. «Құстар ұя салуы үшін арнайы орын бөлінеді. Серуендеушілерге де жағдай жасалады», - деп хабарлайды OnIslam.net.