Кембридждің ғалымдары магниттің жаңа үлгісін жасаумен шұғылдануда
АСТАНА. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат - Магниттің жаңа үлгісі салмағы бірнеше тонна болатын заттарды тарта алатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. руға сілтеме жасап.
Осы мақсатта жұмыс істеп жатқан Тим Кумбс пен инженерлік әзірленімдер департаментіндегі оның әріптестері «Magnifye» деп атаған бұл жаңалықтары ауыр өнеркәсіп үшін таптырмайтын құрал болғалы отыр деп санайды. Жаңа магниттің күші қазіргі белгілі көрсеткіштерден ондаған есе асып түсетін болады, ал магниттің өзі барынша шағын етіп жасалмақшы. Әзірленімнің негізін дәстүрлі емес шамадан тыс өткізгіштердің тартылыс күштері құрайды.