Кеме апатына ұшыраған 234 мигранттың барлығына Францияда баспана берілмейді - БАҚ
Мигранттар мінген кемені Италия билігі қабылдаудан бас тартқаннан кейін, ол Францияға келіп тоқтады. Қазір аталған елдің Тулон қаласында баспана сұрағандардың өтінімін қарау бойынша 5 зал істеп тұр.
Бірақ, Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы Жеральд Дарманен парламентте айтқандай, құтқарылған мигранттардың шамамен үштен екі бөлігінің өтініші қабылданбауы мүмкін.
«234 адамның (барлық процедуралар аяқталмаған) 44-і кәмелетке толмағандар деп танылды, 60-ы баспана сұрай алады (атап айтқанда, сириялықтар, судандықтар, эритриялықтар) және 44-іне баспана берілмейтін болды», - деді ол.
Ж.Дарманен Италияның Ocean Viking-ті қабылдаудан бас тартқанын еске салып, Тулонға кемеден түскен адамдар Францияның сол жылы қабылдауды жоспарлаған мигранттар санынан шегерілетінін хабарлады.
л Италияның Ішкі істер министрі Пиантедоси соңғы күндері жаңа оңшыл үкіметтің бағытын қорғап, осы құбылыспен күресу үшін ЕО-ның көші-қон саясатын қайта қарауға шақырды.
Фото: euronews.com