Кеме апатына ұшырап елсіз аралда қалған теңізшілер құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жағалаудағы күзеті кеме апатынан кейін елсіз аралға дейін жүзіп барған үш теңізшіні тауып алды. Қазіргі заманның Робинзондары үш күн елсізде жатқан. Олар жағажайда пальма жапырақтарынан құрастырып жазған «HELP» сөзі көмектесті. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.
Шағын кеме дауыл кезінде апатқа ұшыраған, үш адамнан тұратын экипажы Микронезия Федеративтік штаттарында орналасқан Фанадиктегі елсіз аралдың біріне шейін жүзіп жеткен.
Құмдағы «HELP» (құтқарыңдар) деген жазу мен сары түсті құтқару кейдешелерін қолымен бұлғаған адамдарды Жапониядағы Мисава базасынан ұшып бара жатқан АҚШ-тың Р-8 әскери ұшағынан байқап қалған.