Кемелерді лаңкестер шабуылынан қорғаудың тетіктері кеңейтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенция хаттамасы ратификацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кемелерді лаңкестер шабуылынан қорғаудың тетіктері кеңейтіледі

«Хаттама лаңкестік деп танылатын әрекеттердің тізімін кеңейтеді. Кемелерге шабуыл жасалған жағдайда жедел әрекет ету мен көмек көрсету тетіктерін анықтайды. Бүгінде 40-тан астам мемлекет құжаттың қатысушысы болып отыр әрі олардың ішінде Қара теңіз бен Балтық теңізі маңындағы барлық мемлекет бар», - деп атап өтті Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда Каспий теңізі маңындағы барлық мемлкеттер бүгінде ратификация жұмыстарын атқаруды.

«Қазір Қазақстанның сауда кемелері ашық теңіздердегің порттарға дейінгі бағыттарды белсенді түрде игере бастады. 2017 жылы Ақтау портынан Түркияға 35 мың тонна басты жүктер тасымалданды. Биыл бұл тасымалдың көлемін үш есеге арттырамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Белгілі болғандай, Ресейдің ішкі су жолдарында Қазақстан кемелер үшін жеңілдетілген транзиттік тәртібін енгізу РФ-пен ЕАЭО аясында қол жеткізілді. Бұл ретте тиісті келісім бар және осы бағытта тасымалдау көлемін арттыруға ықпал етеді. Хаттаманы ратификациялау ашық теңізде жүзетін отандық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктерін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, құжатты мақұлдау бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.