Кемені жүргізу ережесін бұзған әскери азамат 4 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау гарнизонының әскери соты аға лейтенант Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, соңы адам өліміне әкеп соқтырған кеме жүргізу ережесін бұзғаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 465-бабы) 4 жылға шарты түрде бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кемені жүргізу ережесін бұзған әскери азамат 4 жылға сотталды

Хабарламада айтылғандай, сот айыпталушы Ж.-ның 2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 03:19 шамасында Қазақстан Республикасының аумағындағы теңізінің жағалауынан 6-7 миль қашықтықта жауынгерлік кезекшілікте болып, ішінде Ақтау қаласының тұрғындары бар «Амур» үлгісіндегі қайықты көреді.

«Амур» үлгісіндегі қайықты тапқан аға лейтенант Ж., кемені бағыттай алмай және қашықтықты дұрыс бағамдамаудың салдарынан «Амур» моторлы қайығына соғысқан. Соның салдарынан қайық суға батып, В. Есімді азамат суға ағып кеткен», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде оның жазасы шартты түрде өтелетін болады. Соттың үкімі заңды күшіне енбеді.