Кэмерон қорғанысқа қосымша 1,1 млрд. фунт стерлинг бөлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон қорғаныс қажеттілігі үшін қосымша 1,1 млрд. фунт стерлинг бөлінетіндігін жария етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
800 млн. фунт стерлинг көлеміндегі инвестиция барлау, бақылау және шолу мақсатына қажетті құрал-жабдықтарды, сонымен бірге әскери барлау үшін ұшқышсыз ұшатын аппарат сатып алуға бағытталады.
«Барлау және бақылау құрал-жабдықтарына қаржы бөлу ұлттық қажеттіліктен туындап отыр», - деп мәлім етті Д.Кэмерон «Фарнборо-2014» авиасалонында сөйлеген сөзінде.
Бөлінген қаржының бір бөлігі лаңкестікпен күрес және кепілге алынғандарды құтқару саласындағы Корольдік қарулы күштердің әлеуетін арттыруға жұмсалады. Тағы 300 млн. фунт стерлинг Typhoon ұшақтарын радарлардың жаңа буынымен жабдықтауға және Protector кемесін сатып алуға, қолданыстағы әскери бағдарламаларды қолдауға жұмсалады.