Кемерово облысында тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемерово облысында ұшқан сәтінде бортында екі жолаушысы бар «Робинсон-44» жекеменшіктегі тікұшақ апатқа ұшырады.

Кемерово облысында тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам ажал құшты

ІІМ өкілінің хабарлауынша, екі жолаушы мен ұшқыш қаза тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ әуеге көтерілген сәтте су өлшейтін тросты іліп кеткен. Екінші бір дерекке қарағанда, ол ағашқа ілініп, жартасқа соғылған.

Прокуратура тергеу алдындағы тексеру жұмыстарына кірісті.