Кемеровода Аман Төлеевтің келісімінсіз бюджет қаржысын бөлуге тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев омыртқасына жасатқан отадан кейін бірінші жұмыс жиналысында қарамағындағыларға өзінің келісімінсіз ірі сомадағы бюджет қаржысымен кез келген операция жүргізуге тыйым салды. 

Кемеровода Аман Төлеевтің келісімінсіз  бюджет қаржысын бөлуге тыйым салынды

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Барлығы менің бақылауымда болғанын білесіздер, қазір өзім бекіткен бағдарламаларды қадағалап отырмын. (Губернатордың қаржы жөніндегі орынбасары - бас қаржы басқармасының басшысы Игорь) Малаховқа ірі ақшамен байланысты істерді менсіз шешуіне тыйым саламын. Менің келісімімсіз ештеңе істемеу керек, (губернатордың бірінші орынбасары Владимир) Черновоймен келісе отырып, атқару қажет», - деді Төлеев.

Кузбасс губернаторы 22 мамыр күні онкүндік демалысқан кеткен еді.

Тек бір ай өткен соң, 22 маусым күні губернатордың орынбасары Валерий Цой Төлеевтің Германияда омыртқасына ота жасатқанын мәлімдеді.

1 шілде күні Төлеевті Мәскеуге ТЖМ ұшағымен алып келді.

Кемерово облысының басшысы Кузбассқа 12 тамыз күні оралды.