Кемінде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеуіміз керек - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Жолдауында жоғары санатты отандық IT мамандарды әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі заманда бәсекелестіктегі басым бағыттардың бірі цифрландыру. Қазақстан үшінде зауанами цифрлық техонологияны енгізу мен қолдану маңызды. Осы орайда біз шетелдік серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Соның ішінде отандық IT секторды ілгерілетуді де ұмытпаған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент отандық жоғары санатты IT мамандарды әзірлеу керектігін айтты.

«Цифрландыру туралы ұлттық жоба аясында кем дегенде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеуіміз керек. Экспорттық және цифрлық сала бойынша тауар қызметі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 млн АҚШ долларына жетуі тиіс. Мемлекеттік секторды цифрландыруда осы және өзге де міндеттерді қайта қарастыру қажет. Бұл жердегі басты мәселе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде интеграцияның жоқтығы. Бұл сұрақ шұғыл шешім мен күрделі өзгерісті талап етеді», - дейді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы елімізде кревтивті индустрияны қолдау қорын ашу идеясы туралы айтты.



Соңғы жаңалықтар