Кен барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің жаңа төрағасы сайланды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайының конференц- залында өз жұмысын жалғастырған Кен барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің 13-ші сессиясында алдағы бір жылда төрағалық ету ҚР Геология және кен байлығын пайдалану жөніндегі комитет төрағасы Болат Үжкеновке жүктелді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.

Үшкүндік мәжіліс қорытындысына сәйкес 2005-2008 жылдардағы Үкіметаралық кеңестің жұмысы туралы шешім, геология қызметіндегі ынтымақтастық,  ТМД елдері аумағында қауіпті геологиялық барлау барысына басшылық жасау, «Кавказ-Қырым-Карпат облыстарында геологиялық құрылым» жобасы бойынша жұмыс қорытындысы, « Кенді геологиялық барлауда стандарттау, метрология және сертификаттау» үкіметаралық бағдарлама жобасы жайында шешімдер қабылданды.

Республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында Үкіметаралық кеңестің жаңа төрағасы Болат Үжкенов шекаралық қарым-қатынас, геология ісіндегі шектеуліктің салыстырмалы екендігі, қаржы дағдарысының геологиялық қызметті жандандыруға әсері, жас кадрлар дайындау, кең көлемді ғылыми жұмыстарды жалғастыру, шекаралық шикізат қоры, оқу орындарының материалдық жағдайын жақсарту, білікті мамандар алмасуы, жер асты суын зерттеу және пайдалану жайында ойымен бөлісіп, туындаған сауалдарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар