Кең дала бағдарламасы аясында шаруалар 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 216 млрд теңгенің 90 млрд теңгесі несиелік серіктестіктерге қатысушыларды қаржыландыру үшін берілген.
Аграрлық несие корпорациясы - тікелей қаржыландыру жолымен де, сондай-ақ қаржы институттары - кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларды қорландыру арқылы да АӨК субъектілеріне қолжетімді кредит беруді ұсынатын ірі қаржы институты. Мәселен, биыл АНК арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Кең дала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді.
«Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайды, теңгенің айырбас бағамының әлсіреуін, дала жұмыстарын жүргізу бойынша шығыстардың қымбаттауын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша 70 млрд теңге тарту және кредиттеудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізіп, олар толық көлемде Аграрлық несие корпорациясына аударылды», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов.
Фото : gov.kz