16:47, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Кен-қазба өнеркәсібіндегі қауіпсіздік мәселесі өте маңызды - Үкімет басшысы
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кен- қазба өнеркәсібіндегі қауіпсіздік мәселесі өте маңызды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Кен-қазба өнеркәсібіндегі еңбек пен техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне арналған форумда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кен -қазба өнеркәсібіндегі қауіпсіздік мәселесі өте маңызды. Біз еңбек пен техника қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылап, оған қалай қол жеткізу үшін ортақ шешім табуымыз керек. Менің ойымша, бұл форум осы мәселені ашық талқылап, пікірлермен бөлісе алатын бірегей мүмкіндік», деді конференцияда Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің пайымдауынша, «егер кен-қазба өнеркәсібіндегі еңбек және техника қауіпсіздігінін қамтамасыз ету мәселесіне тиісті деңгейде назар аударылмайтын болса, онда ол мыңдаған адамдардың өмірі үшін үлкен проблема болады».