«Кендірлі» халықаралық курортын дамыту жобасы неге тоқтап тұр

курорт
Фото: Егемен Қазақстан

АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрлігі Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» халықаралық курортын дамыту жобасының тоқтатылу себебін атады. 

«Кендірлі» курорттық демалыс аймағының құрылыс жобасы Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары секілді құжаттарда көрсетілген. Осы жобаға инвесторлар бастамашылық жасаған кезде 22 мың орындық 22 қонақүй мен 4 000 вилла, сонымен қатар инвесторлар есебінен 3,5 шақырымдық қону жолағы бар әуежай, су тұшытатын зауыт, шағын электр станциясы, тазалау қондырғылары, жылыжайлар секілді нысандарын салу жоспарланған еді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысының Ақтау қаласы маңындағы Жылы жағажай курорттық аймағындағы бірқатар инфрақұрылымдық және ірі инвестициялық жобаны аяқтау қажеттігіне, сонымен қатар инвесторлардың бұл жобадан бас тартуына байланысты «Кендірлі» халықаралық курортын дамыту жобасы тоқтап тұр», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай. 

Еске салсақ, бұған дейін Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту үшін инвесторларға 20-ға жуық жер учаскесі берілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram