Кендірліде спорт кешені пайдалануға берілмек

АҚТАУ. KAZINFORM – Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді.

спорт кешені
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Заманауи ғимаратты спортшыларға барлық жағдай жасалған. Сондықтан игі бастама тұрғындар арасында спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен септігін тигізбек. 

Қазіргі таңда жаңа нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Енді спорт кешенінің басшысын тағайындау және штатын қалыптастыру сияқты жұмыстар пысықталып жатыр. Сондықтан ғимарат көп ұзамай, осы жаз айларында пайдалануға беріледі. 

Айта кетейік, Кендірлі ауылынан спорт кешенін салу — ауыл әкімінің сайлауалды бағдарламасының бір бағыты.

Әкімдіктің мәліметінше, Кендірлі ауылында 13 мыңнан астам тұрғын бар. Елді-мекен 3 жыл бұрын құрылған. Спорт кешені — алғашқы спорттық нысан. Ауылда жуырда су жаңа дәрігерлік амбулатория да ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар