Кене энцефалиті: қалай сақтануға болады

АСТАНА. KAZINFORM — Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді. Көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.

кене
Фото: gov.kz

Кене энцефалиті келесідей беріледі:

- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкі, қой, сиырдың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;
- кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.

Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.

Кене энцефалитінің профилактикасы:

Табиғатта демалу кезінде, саяжайда мыналар қажет:

ұзын жеңді жейде киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;
киім мен денеңізді тексеріп тұрыңыз;
дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз;
кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз.
медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен қозғап, біртіндеп алыңыз;

Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз).

Айта кетелік СҚО-да көктемнің ерте келуімен тұрғындарды кене шаға бастағаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар