Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы кітап жарық көрді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодарда Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді. Туынды «Жизнь замечательных людей» сериясымен жарық көрген.

Кітап жарық көрді
Фото: Наргиз Күбеш

Осы уақытқа дейін «Жизнь замечательных людей» кітап серияларының 1500-ден астам саны жарық көрген. Олардың көпшілігі Қазақстанның көрнекті қайраткерлеріне арналған. Аталмыш серияның кейіпкерлері Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Кенесары Қасымов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ермұхан Бекмаханов, Евней Бөкетов және басқа да Қазақстан тарихының, ғылымы мен мәдениетінің көрнекті кайраткерлері болды. Енді бұл тізім Махмет Қайырбаевтың есімімен толығып отыр.

Кітап жарық көрді
Фото: Наргиз Күбеш

«Махмет Қайырбаев» кітабының авторы — Батырдың ұлы Мұрат Қайырбаев. Автор мұрағат материалдарын пайдалана отырып, әкесі Махмет Қайырбаевтың өмірбаянындағы бұрын белгісіз болған фактілерге құқықтық тұрғыдан баға берген.

— Әкемнің өмірбаянын жазу оның өміріндегі кейбір оқиғаларға түрткі болды. Әкем 1982 жылы зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, майдангерлердің ерліктерін жиі еске алып, жағдайларына алаңдап жүретін. Бүгінде мен де зейнеттемін. Әкемнің сол кездегі ойға алған жоспарларын жүзеге асыруға аз да болса үлесімді қоссам деймін, — дейді Мұрат Махметұлы.

Кітап жарық көрді
Фото: Наргиз Күбеш

Бейбіт уақытта Махмет Қайырбаевтың барлық еңбек жолы Павлодар облысының дамуымен тығыз байланысты. Тың игеру мен мал шаруашылығын өркендету, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда қол жеткізген жетістіктері үшін кеңестік мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Кітап жарық көрді
Фото: Наргиз Күбеш

Іс-шарада батыр туралы деректі фильм көрсетіліп, кітап көрмесі ұсынылды.

ТЖМ-нің әскери бөлімдеріне қазақ батырлары Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Есет батыртың есімдері берілді

Фото: Наргиз Күбеш